ГҮЛ ШОҚТАРЫН ТАРАТТЫ
Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігі және "Қызылорда автобус паркі" бірлесіп қаламыздағы түрлі бағыта қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктерде, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналарамыз бен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтарын таратты. Қоғамдық көліктерге мінген аналарымыз бен аруларымыз: "Жыл сайын ұйымдастырылатын шара болса да, біз үшін әр кез ерекше қуаныш, көрсеткен құрметтеріңіз үшін үлкен рахмет" - деп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп жатты.
Жалпы Қызылорда қаласында жыл сайын ұйымдастырылып отыратын бұл шара, биылғы жылы да 7-8 наурыз күндері жалғасатын болады.