ЖЕТІМ КӨРСЕҢ, ЖЕБЕЙ ЖҮР...
«Отбасы күні» акциясы аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті оқу орталығының қызметкерлері жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан уақытша айырылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Акция аясында орталық қызметкерлері Облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне барып, жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынан уақытша айырылған сәбилерге қажетті құрал-жабдықтарын табыстады.
Сәбилер үйінде жалпы 49 бала тәрбиеленуде. Мейірімге зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған акцияны ұйымдастырушылар балалардың қуаныш-шаттыққа кенелуі үшін қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізді. Қызылорда ОІІД бастамасымен ұйымдастырылатын қамқорлық акциясы өңірде әрі қарай жалғасын табатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі