ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН 10 МЫҢНАН АСТАМ ӘЙЕЛ ҚР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ЛАРЫНДА ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН АЛДЫ
Бұл сан жыл басынан жаңа жүргізуші куәліктерін алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге – 10776 жүргізуші куәлігі берілді.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсіп келеді. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды, олардың ішінде 4 мыңы – әйелдер. 2015 жылдың 2 айына – 27 мыңнан астам, олардың ішінде 8 мыңнан астамы – әйелдер. Осы жылы да біз сол сияқты жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтердің өсу динамикасын көрдік»,- деп айтып өтті ол.
Автокөлік құралдарын тіркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейіннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтеміз. Бүгінде Қазақстанда автокөлік иелеріне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.
Бизнес-процесстерді автоматтандырудың жәнемемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында жүргізуші куәліктерін алу уақыты 2 сағатқа дейін қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрігерлерінің кабинеттерін және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық ілеспе анықтамаларды бір жерде алуға мүмкіндік берді.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндеттерді бөлісу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлері жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін жасау процесіне қатыстырылады.
«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі