ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Қызылордадағы Достық үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлының қатысуымен «Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» атты облыстық әйелдер форумы өтті.
- Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, қасиетті жан, - деген Рауан Кенжеханұлы мерекелік басқосуға қатысушыларға жылы лебізін жеткізді.
Олардың бірқатарын және көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасаған кәсіпкер қыз-келіншектерді марапаттады. Одан әрі облыстық әйелдер кеңесі, «Сыр аналары» қоғамдық қорының төрайымы Нұрсәуле Мұсаева «Отбасы – адамгершілік бастауының қайнар көзі» тақырыбында баяндама жасады. Батыр аналар Ханымкүл Оспанова, Маржанкүл Оқасова батасын берсе, «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі Касенова Салтанат Елбасының «100 нақты қадам. Ұлт жоспарын» балабақшаларда жүзеге асырудың жаңа жобаларын ұсынды.