ҚАЗАҚСТАНДА ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Республикада отандық ғылымның дамуына жағдай жасау үшін жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп мәлімдеді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ президенті Амандық Төлешов ОКҚ-де өткен брифингте, деп жазады primeminister.kz.
«Бірқатар көрсеткіштер осы саладағы іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді. Осы уақыт ішінде ғылыми қызметкерлердің санының өсу үрдісі, яғни 2011 жылы 18 мыңнан 2014 жылы 25,8 мыңға дейін өскені байқалады. 35 жастағы ғалымдардың саны 2011 жылы 6 мың 487 болса, 2014 жылы олардың саны 9 мың 447 болды. Өсім 1,5 есе», - деді А.Төлешов.
Оның айтуынша, елдің жетекші компаниялары мен баспагерлерінің елдік лицензияға қол қоюы нәтижесінде, бүгінгі күні мемлекет әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр.
«Осыған орай, қазақстандық ғалымдардың халықаралық рейтингті басылымдардағы жариялау белсенділігінің айтарлықтай өсуі байқалып отыр. 2014 жылы халықаралық журналдарда 2 мың 784 ғылыми мақала жарияланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп», - деді қор басшысы.
Ол сондай-ақ, 2015 жылы мемлекеттік бюджеттен ғылымды қаржыландыруға бөлінген жалпы сома 43,6 млрд теңгені құрағанын айтып өтті.