ҚАЗАЛЫДА МЕКТЕП ЖАНЫНАН ЖЫЛЫЖАЙ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 орта мектеп жанынан жылыжай ашылып, жұмысын бастады. Жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрайтын кешен 1,7 миллион теңге қаржыға салынған. Мектеп оқушылары жылыжайда гүлдің түр-түрін өсіруде.
Негізгі мақсат оқушыларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, кәсіби бағдар бере отырып, белгілі бір мамандыққа баулу. Сондай-ақ, балалар мұнда гүл өсірудің әдістерін үйреніп, еңбек етуге үйренеді. Мұғалімдер де оқушылармен тығыз байланыста сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туып отыр.
– Бұл құптарлық бастама. Оқушылар ұжымды түрде еңбек етуге және табиғатпен тығыз байланыста болуға, мектеп жанын көркейтіп-көгалдандыруға өз үлестерін қосатын болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Алдағы уақытта ауданда дәл осындай мектеп жанынан 4 жылыжай ашылатын болады.
Жалпы, бұл мектепте 661 оқушы білім алуда. Биыл 27 оқушы мектеп бітереді. Аймақ басшысы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты күшейте түсу қажеттігін айтты.