4 НАУРЫЗ КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
4 наурыз күні республиканың солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Акмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.