«КӨКТЕМ-2016» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА
2016 жылғы 3 наурызда Қызылорда облысы аумағында «2016 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем–2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
«Көктем-2016» РКШОЖ ұйымдастыруға ҚР ІІМ ТЖК-нің өңірлік аэромобильдік жасағы, суда құтқару қызметі, өрт сөндіру және авраиялық құтқару қызметі, Апат медициналық орталығы бригадасы, сондай-ақ жергілікті АҚ және ТЖ құрылымдары, облыстық, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою комиссиясының төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік органдар және аудан әкімшілігі өкілдері қатыстырылды. Оқу-жаттығу барысында көктемгі кезеңдегі су тасқыны уақытында күштер мен құралдардың, сондай-ақ, гидротехникалық құрылғылардың, көліктік коммуникациялардың, құлақтандыру жүйесінің төтенше жағдайларға әрекет етуі тексерілді.
Су тасу кезеңіне дайындық және оқу-жаттығу үшін су басу қаупі бар аумақтардың, су өткізу орындарының, селге қарсы және басқа да инженерлік құрылғы қорғанысының, суда жүзу құралдарының саны нақтыланды. Жанар-жағар май, азық-түлік, дәрі-дәрмек, палаткалар қоры толықтырылды. Аудандық және облыстық әкімшіліктерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Өзеннің ағысы тұрақты бақылауда болды. Гидротехникалық нысандардың жағдайы тексерілді, су өткізетін құрылғылардың, жолдардың қоқыстан тазартылуы қадағаланды. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу екі кезеңнен болды. Бірінші кезеңде жағдайдың талдауы, шешім қабылдау үшін ұсыныстар, жоспарлау нұсқалары, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайды жоюдың мемлекеттік жүйесі дайындалды, Оқу-жаттығу барысында 2016 жылдың 3 наурызында 11 сағат 00 минут шамасында Қызылорда қаласы Астана даңғылында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің қатысуымен азаматтық қорғаныс және облыстық авариялық құтқару құрылымдары және күш-құралдарының дайындығын қарау өткізілді.
Екінші кезеңде құтқару және басқа да кезек күттірмес жұмыстардың жүргізілуі тәжірибе жүзінде сыналды. Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде авариялық құтқару құрылымдары мен күш-құралдарының дайындығын шыңдау мақсатында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Су тасқыны кезеңінде және елді мекенге қауіп төну жағдайында төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару бөлімшелерінен 32 әрекет ету құрылымдарын, оның ішінде 387 адам мен 91 техника бірлігін құрды. Олар су басу қаупі бар елді мекендерде болып әрекет ету үшін дайындықта болды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы