Н.НАЗАРБАЕВ: САЯСАТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС
Саясат ынтымақтастыққа, экономикалық өсімге кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл туралы Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп жазады «Қазақпарат».
Елбасы барлық мемлекеттерді экономикалық, сауда және инвестициялар салаларында екіжақты өңірлік, өңіраралық, жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуға күш-жігер жұмсауға шақырды.
«Саясат ынтымақтастыққа, экономикалық өсімге кедергі келтірмеуі тиіс. Санкциялық саясат бір-бірімен сауда-саттық жасайтын мемлекеттердің экономикалық ахуалын төмендеткеннен басқа ешқандай нәтижеге әкелмейді және Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы жұмыстардың тиімді жүргізілуіне септігін тигізбейді»,- деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың мамырында өтетін Астана экономикалық форумында дәл осы идеяны жан-жақты талқылауды ұсынды.
«Бұл іс-шараға сіздердің елдеріңіздің жоғары деңгейдегі өкілдеріңіз қатысады деп үміт артамын», - деді Н.Назарбаев.