ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ
Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өткізіліп, онда 2 мәселе қаралды.
Кеңес отырысында Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ж.Жылқышиева Әдеп жөніндегі кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырды.
Әдеп жөніндегі кеңес құрамына облыс малихат депутаты, облыс әкімі аппаратының басшысы, тексеру комиссиясының мүшесі, әділет департаменті басшысының орынбасары, кәсіпкерлер палатасының басшысы, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ж.Жылқышиева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы Ереже талаптарына сәйкес Кеңес жұмысының негізгі бағыттарын айтып өтті.
Сонымен бірге, Кеңес төрағасы Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттеріне тоқталды. Атап айтқанда, бұл - сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған іс - шараларды әзірлеу.
Бұдан басқа, отырыста Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылдың 1 - ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары мен 2016 жылдың 1 –ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітілді.
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы