ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда.
2016 жылдың 2 наурыздағы жағдайы бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1278 өтініш 1531 жылжымайтын мүліктерді жария етуге берілген. Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша -900 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша-740 өтініш, тұрғын үй бойынша-631 өтініш. Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 12,1 млрд. теңгені құрады. 1127 өтініш бойынша жалпы құны 11,2 млрд. теңге болатын 1346 объект жария етілген.
Қазіргі таңда, барлық аудандар мен Қызылорда қаласында мүлікті жария ету комиссиялармен заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша облыстағы кәсіпкерлер, ауыл және ауылдық округ тұрғындары үшін түсіндірме жұмыстарын (семинарлар, кездесулер) жүргізуде.
Мүлікті жария етуге байланысты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, сұхбаттар, теледидар және радио арқылы арнайы бағдарламалар мен бейнероликтер беріліп, көрсетілді.
Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жаңартылған билбордтар жасалып, орналастырылды.
Қызылорда облысының қаржы басқармасы