АҒЫЛШЫН ТІЛІ ҰБТ-НІҢ МІНДЕТТІ ПӘНІ БОЛУЫ МҮМКІН
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға арналған міндетті пәндер құрамына ағылшын тілін енгізу жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.
«Біз қазір міндетті пәндердің бірі ретінде ағылшын тілін енгізбекшіміз. Ұлттық бірыңғай тестілеуді реформалауды жоспарлап отырмыз. Ресейде, 2021 жылдан бастап ағылшын тілі енгізіледі. Сондықтан, ағылшын тілінің міндетті пәндердің бірі ретінде енгізілуі әбден мүмкін», - деді Т.Балықбаев.
Вице-министр мәлімдегендей, ҰБТ тапсырмаларында логикаға қатысты сұрақтар қарастырылады. «Бірінші кезекте, біз нақты бір дәйектерді жаттап алудан логикалық тарапқа көшу арқылы ҰБТ-ді жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Яғни, түлектеріміздің ойлау логикасын бағалаймыз. Ол үшін қазір біз жеке тапсырмаларды енгізіп жатырмыз», - деді ол.
Т.Балықбаев айтып өткендей, ҚР-да үш тілді білім беруді дамытуды 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы аясында педагогикалық кадрларға деген қажеттілік «Болашақ» бағдарламасының түлектерін білім беру ұйымдарында ұстаздық қызметке тарту, жоғары оқу орындары мен колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, студенттермен алмасу және еріктілерді тарту бағдарламасы арқылы шешілмек.