СОТ ХАТШЫСЫ СУДЬЯ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 25.02.2016 жылғы №203 санды Жарлығымен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Миралиев Олжас Қуандықұлы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық сотына судья болып тағайындалды.
Олжас 9 сыныптан кейін заң колледжіне түсіп, оны аяқтаған соң, әскерге барған. Азаматтық борышын орындап келген соң, жоғары білімін сырттай оқып жүріп, жұмыс жасаған. Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облыстық сотында жетекші маман лауазымынан бастаған.
2 жылдан кейін Олжас Миралиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтына түсіп, 2013 жылы Заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Одан кейін, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бас маман - сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеген.
Сот саласында 5 жылдан астам жұмыс жасаған, тікелей сот процестеріне қатысып, тәжірибе жинаған жас маман, осындай биік дәрежеге жетіп, судья қызметіне тағайындалды.
Сот ұжымы Миралиев Олжас Қаундықұлының жетістектерін мақтан тұтып, оған алдағы уақытта биік белестерден көрініп, халыққа адал қызмет жасап, әділ және заңды шешімдерді қабылдауды тілейді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі