2 НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН КҮТІЛЕДІ
Сәрсенбі, 2 наурыз күні республиканың көптеген аймақтарында жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіліп отыр.
Елдің батысы мен оңтүстігінің кей бөліктерінде күн ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіліп отыр. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман болады, Алматы облысының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облысының кейбір жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, кей жерлерде желдің күші 25 м/с жетеді.
Бұдан басқа, алдағы тәулікте Алматы облысының өзендері мен Жайық өзенінің сағасында мұздың одан әрі еруі күтіліп отыр. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысындағы таудың төмен жағындағы жекелеген өзендерде температураның жоғарылауы мен жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі болжанып отыр. Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.