ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Өрт-тактикалық жаттығу өрт сөндіру дағдыларын дамыту, төтенше жағдайлар нәтижесін жою мақсатында, жанудың бастапқы кезеңіндегі өртті сөндірудің әдістерінде өткізілді.
Жаттығудың түпкі ойы бойынша 17 сағат 10 минутта Қызылорда қаласы Облыстық жүйке аурулар ауруханасы 2-қабаттағы мәжіліс залында электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, ол өрттің мәжіліс залында әр түрлі тез жаңғыш материалдардан жасалған мүліктер, адам көп шоғырланатын, адам қалып қою қауіпі бар болғандықтан өрттің тез таралу мүмкіндігі болды.
Жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт ошағынан 8 адам құтқарылып, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ширақ басшылықтың және барлық жеке құрамның жаттыққан жұмысының арқасында шартты жанудың ошағы тез жойылды.
Шартты «өртті» жоюға өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының 25 адамы және өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы қатысты.
Осындай өрт-тактикалық жаттығуларын нысандарда өткізу өрт сөндірушілердің даярлығын пысықтауға, төтенше жағдайлар кезінде кездесетін күрделі мәселелерді шешуге оң ықпал ететіні сөзсіз.
Қызылорда облысы ТЖД «өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ