ҚАЗАЛЫ КӘСІПКЕРІ ӨЗ БИЗНЕСІН ГЕРМАНИЯДАН ЭКСПЕРТ ШАҚЫРТУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТПАҚ
Жеке кәсіпкер Шакарзат Имандосова Даму Қорының кеңесшілерінің ақпараттандыруымен «SES —Аға эксперттер қызметі» бағдарламасы аясында Германиядан эксперт шақырды.
Бизнесвумен Шакарзат Имандосова бизнесте 20 жылға жуық жұмыс жасап келеді. Алғаш рет өз бизнесін жинақтаған қаржысына бастаған кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына Қызылорда облысынан алғашқылардың бірі болып қатысушы атанды және соның нәтижесінде кәсіпкерлігін кеңейтті. Мемлекеттік бағдарламаның тиімді шарттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкер Шакарзат Имандосова Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде қонақ үй кешенін ашты.
Өзінің қонақ үй кешенін дамыту мақсатында кәсіпкер Даму Қорының кеңесшілерімен ақылдаса отырып, Германиядан Ренате Ингрид Луббергер атты эксперт шақыртты.Қазалы ауданында шетелдік маманның эксперттік миссиясын жүзеге асуын «Прэко Кызылорда»Консалтингтік компаниясы ұйымдастырды. Аға эксперт Ренате Ингрид Луббергер қонақ үйлік бизнесте көп жылдық тәжірибесі бар маман. Оның конақ үй шаруашылығы саласында және менеджментті қосқанда кең кәсіби білімі экспертке аталған бағдарлама аясында біршама елдерге сапар шегуіне мүмкіндік берді. Эксперт Ренатенің біліктілігі мен қызметін белсенді атқаруы нәтижесінде шағын отелін аймақтағы ең ірі қонақ үйге айналдыра алды.
Өзінің эксперттік миссиясының аясында Ренате Ингрид Луббергер жеке кәсіпкер Шакарзат Имандосованың қонақ үй кешенін дамыту бағытында тәжірибесімен бөліседі және бір ай бойы қонақ үй персоналын оқыту да жоспарланған.
- Өзімнің кешенімді ашқан уақытта аудандағы алғашқы қонақ үй кешені болатын, ал қазірде бәсекелестер баршылық және олардың саны күн санап артуда. Бізге бәсекелестікке шыдау үшін қызмет көрсету сапасын арттыру мен қонақ үй кешенімізге келген әрбір қонақтың қолайды демалысына бар жағдайды жасау қажет. Менің ойымша, неміс эксперті кешеннің жұмысын жақсарту бағытында өз тәжірибесінен алған тиімді кеңесін береді және алған бар білімді бизнеске қолдана отырып, мақсатымызға жетеміз, - дейді кәсіпкер Шакарзат Имандосова.