БҮГІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТУДЕ
Елбасы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Енгізілген толықтыруларға байланысты елімізде 1 наурыз – Алғыс айту, сәуірдің алғашқы жексенбісі Геологтар күні болып белгіленді.
Естеріңізге салайық, Президент Алғыс айту күнін мерекелеу бастамасын Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында көтерген болатын.
«Столыпиндік реформалар кезеңінде Қазақстанға Ресей, Украина, Беларуссиядан 1 млн. 150 мың адам қоныс аудырған еді. Ұжымдастыру жылдарында бұрынғы СССР-дің орталық өңірлерінен Қазақстанға мал-мүлкі тәркіленген шаруалар жіберілді. Сталиндік режим тұсында халық түгел көшірілді: 800 мың неміс, 102 мың поляк, 550 мың Орталық Кавказ өкілі, Таяу Шығыстан 100 мыңға жуық кәріс отбасы. Онсыз да өздерінің тұрмысы төмен казақ отбасылары оларды өз үйлеріне қабылдады», - деп атап өтті Назарбаев.
«Мен мұны тарихты білгендіктен айтып отырғаным жоқ. Әр бөлмесі 10 шаршы метр ғана болатын екі бөлмелі лашықта тұрғанына қарамастан біздің отбасы үш балалы отбасын құшақ жая қарсы алды. Мен әрдайым олардың біздің шағын бөлменің бұрышына жиналып алып, тығылысып бір-біріне қарсы отырғанын еске алам. Осылайша біздің отбасында өмір сүріп, кейіннен бөлек шықты», - деп еске түсірді Президент.
«Аталмыш мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда немесе басқа уақытты қойса да болады. Бастысы - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», - деді Президент жиында.
Елбасы бұл мереке қазақстандықтардың бір-біріне жақындай түсетін, мейірімділік пен махаббат күніне айналатынын атап өтті.
«Кызылорда ньюс» интернет газеті барша қазақстандықты атаулы мерекемен шын жүректен құттықтайды.