ҚАЗАҚСТАНДА 60-ТАН АСТАМ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НЫСАНДАРЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЕНГІЗІЛДІ
Қазақстанда 60-тан астам фармацевтикалық қызмет нысандарында GXP стандарттары енгізілді, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, - ҚР премьер-министрінің сайты.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 63 фармацевтикалық қызмет нысандарында фармацевтикалық препараттарды өндіру, тасымалдау, сақтау және жүзеге асыру талаптарын анықтайтын тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттары (GXP) енгізілді.
GXP стандарттарының құрамына тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) кіреді.
«Жоғарыда аталған стандарттарды ұстану – дайын өнімнің сапасын бақылау жүйесінен оның сапасын қамтамасыз ету мен халықты қауіпсіз әрі тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесіне өтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтілген баспасөз хабарламасында.
Бүгінгі таңда GXP стандарттарын «Нобель АФФ» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Вива Фарм» ЖШС, «Эйкос» ЖШС, «Фитолеум» ЖШС сияқты ірі отандық фармацевтикалық өндіріс ұйымдары енгізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне 2015 жылғы 6 сәуірде енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап GXP стандарттарын ұстану қазақстандық фармацевтикалық нарық субьектілері үшін міндетті болып саналады.
ҚР ДСӘДМ отандық өндірушілер және өзге де фармацевтикалық нарық субьектілерімен бірге іске асырылатын Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын кезең кезеңімен енгізу жоспарын жасады.