ЭКСПО-2017: ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗА ТҮСУДЕ
Бейсенбі күні облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің қатысуымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде «Қазақстан» Ұлттық павильонын мазмұнды әрі тақырыптық толтырылуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша мәжіліс болып өтті.
Облыстық «Сыр бойы» газеті жазғандай, мәжіліске Энергетика министрлігінің өкілдері Алма Жукенова, Сағдат Хансейітов және облыстық басқарма басшылары мен кәсіпкерлер палатасы өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Мәжілісті ашқан облыс әкімінің орынбасары «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығын атап өтті. "Бұл көрме мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңселілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қонақжайлылығын, айналып келгенде, ұлттың ұлылығын көрсететін тұс” деді ол.
Мұнан кейін А.Жукенова халықаралық көрмені өткізуге қатысты Ұлттық жоспар қабылданып, оның шеңберінде көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Астанада қазір 173 гектар жерде «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысы жүруде. Көрмені өткізуге байланысты әрбір министрлікке тиісті жауапкершіліктер жүктелген. Солардың арасында Ұлттық павильон өткізуге Энергетика министрлігі тікелей жауапты. Бұл бағытта барлық өңірлермен тығыз байланыста жұмыс жүргізуге тура келеді. «Қазақстан» павильоны аймақтарда жүзеге асырылған және қолға алынып жатқан жобаларға қатысты экспонаттармен қамтылуы тиіс.
С.Хансейітов өз кезегінде «Болашақ мұражайы» және «Қазақстан» павильоны туралы айтып берді. «Болашақ мұражайы» диаметрі 80 метрлік шар тәріздес ғимаратта орналасады деп күтілуде. Ғимараттың жалпы аумағы 15 мың шаршы метр. Мұнда болашақтың энергиясы жайлы барлық ақпараттар орналасады. «Қазақстан» павильоны екі бөліктен тұрады. Оның бірі Қазақстанды таныстыруға арналады. Қазақстанның ландшафты, тарихы, бүгінгі және болашағы туралы ақпараттар болады. Оған Мәдениет және спорт министрлігі жауапты. Екінші бөлігі «Жасампаз энергия» деп аталады. Мұндағы экспонаттар Қазақстанның «Жасыл энергия мен болашақ энергиясына» көзқарасын жан-жақты сипаттайтын болады. «Жасампаз энергия» бөлігі төрт бөліктен тұрады. Онда экономика жобалары, Мемлекет басшысының қоршаған ортаны қорғау туралы бастамалары жөніндегі саясатына қатысты ақпараттар, үшінші бөлігінде болашақ энергиясына қатысты отандық ғалымдардың ұсынған жобалары, төртіншісінде «Жасампаз энергияның» негізгі жобалары орналастырылады. «Жасыл экономика» бөлімінде ауыл шаруашылығындағы және басқа салалардағы биожобалар, қалдықтарды өңдеу, басқа да тиімді жобалар орналасады.
Осы ретте Ғ.Әміреев Астанаға жіберілетін жобалар бойынша пікірін жеткізді. Олар көрме тақырыбына сәйкес келетін заманауи жобалар болуы және олардың дизайны жоғары деңгейде жасалуы тиіс. Біздің облыстан диодты жарықшамдар, қалдықтарды өңдеу секілді басқа да жобаларды жіберуге болады. Ғ.Әміреев осыған байланыс¬ты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, келесі айда осы тақырыпта үлкен басқосу өткізілетінін мәлімдеді.