1 НАУРЫЗ – БҮКІЛӘЛЕМДІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІ!
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі әскери жұмылдыру жұмыстары бөлімшесінің қызметкерлері 1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күніне орай «Абылай хан» колледжінің ІІІ курс студенттеріне сабақ өткізді.
Сабақ барысында Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі соңғы үлгідегі авариялық-құтқару автокөлігімен, құрал-жабдықтарымен таныстырылды. Әскери жұмылдыру жұмыстары бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Әбдірайымов өрт сөндіру қызметінің тарихы мен төтенше жағдайлардың түрлеріне тоқталып өтті.
Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері колледж студенттеріне өз өзін құтқару тәсілдерімен, тәжірибе жүзінде оқу мұнарасының 3-4 қабатынан қапшыққа секіру арқылы көрсетілімдер көрсетілді. Сонымен қатар мекемедегі дәрігер терапевттер азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Нұржаубаева жарақат алған кездегі көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек туралй айтты.
Шара соңында мекеме қызметкерлері студенттерге қойылған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты туралы насихаттап, бейнеролик көрсетті.
Бауыржан НҰРЖАНОВ,
Қызылорда облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі» ММ-нің бас маманы