АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қызылорда облысында тиісті шаралар жоспарға сәйкес өтеді. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев мәлімдеді.
Атап айтқанда, мәдениет үйлері, кітапханалар мен мұражайларда түрлі форматта мәдени-көпшілік шаралар, білім ұйымдары мен еңбек ұжымдарында тақырыптық сабақтар онкүндіктері, оқушылар мен студенттер арасында суреттер мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ спорттық сайыстар, жастардың белгілі тұлғалармен кездесулері, флеш-моб, акциялар, қайырымдылық шараларын өткізу жоспарланған. ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, табысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін қызмет түрлері (медициналық, шаштараз, қоғамдық көлік, сауда компаниялары) көрсетіледі.
Брифингте Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының бас инспекторы Айгүл Сағымбай 1 наурыз күні Достық үйінде және аудан орталықтарында салтанатты шара болатынын жеткізді.
Назерке САНИЯЗОВА