ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН ҚОЛДАУ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ
Облыстық медицина орталығында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Оған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов қатысты.
Қала және аудан әкімдері, емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері мен басқарма басшылары қатысқан жиында облыс әкімі мәжілістің маңыздылығы жөнінде айтып өтіп, аймақтың денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.
– Бүгін біз әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт – денсаулық сақтау саласында 2015 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2016 жылғы жұмыс жоспарын нақтылауға жиналып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мәресіне жетіп, биыл «Денсаулық» бағдарламасы қабылданды. Жаңа бағдарлама медициналық қызмет сапасын көтеріп, қолжетімділігін жақсартып, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сала мамандарының алдына осы міндеттерді қою арқылы Қазақстан денсаулық сақтау саласында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарын ендіруді кезең-кезеңімен қолға алды. 30 өркениетті ел қатарына кіру үшін біз осы ұйымның талаптарына сай болуымыз керек. Мұны Елбасы үнемі айтып келеді. Ендігі кезекте бар күшті денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруге саламыз. Сонымен қатар, биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық жұмыстары басталады. Сондықтан саладағы осы өзгерістер мен жаңа талаптарға біз дайын болуымыз керек, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі саланы қолдау, оны дамыту мәселелері ерекше назарда екенін атап өтті.
– Соңғы үш жылдасаланың бюджеті 50 пайызға өсті, кезең-кезеңімен емханалар мен ауруханалар салынып жатыр, техникалық-материалдық базалары нығайтылуда. Медициналық ұйымдарды санитарлық автокөліктермен қамту 100 пайызға жетті. Бастапқы санитарлық медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 2,6 есеге өсті. 34 денсаулық сақтау нысаны салынып, іске қосылды. 2015 жылы денсаулық сақтау саласына 30,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Жан басына шаққанда қаражат көлемі бойынша біз Астанадан кейінгі екінші орындамыз. Облыс бюджетінің 26 пайызы денсаулық сақтау саласына бағытталғанымен, медициналық қызметтің сапасы әлі де көңіл толтырмайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда арыз-шағымдардың 34,6 пайызға артуы соған дәлел. Сауалнамаларға қарасақ, өздеріне көрсетілген көмек пен қызмет сапасына риза емес тұрғындар көп, медицина қызметкерлерінің сөзі мен қызметіне сын айтатындар саны азаймай отыр. Салада бірқатар көрсеткіштер бойынша алға жылжу бар, әрине, оны біз жасырмаймыз, олардың бола бергенін қалаймыз. Қазіргі таңда біз үшін ең маңызды көрсеткіш ана мен бала өлім-жітімі. Ана өлімі бойынша рес¬публикада ең нашар көрсеткіш бізде. Өткен жылы тоғыз анадан айырылдық. Оның жетеуінің бетін қайтаруға болатынын дәлелдеді, – деген облыс әкімі сөзін аудан әкімдеріне қарата жалғады. – Сіздер тек егіннен, малдан қанша өнім жинағандарыңызды ғана есептейсіздер, адами өмірлік факторларға мән беруді әлі де білмей келесіздер. Ана мен бала денсаулығы, жеткіншектердің білім алуы әрқайсысыңыздың басты назар аударатын мәселелеріңіз болуы керек,осы екі салаға бет бұрыңыздар, – деді шегелеп. Сонымен бірге, алдағы уақытта салада оң нәтижелерге қол жеткізілмесе, кадрлық өзгерістердің болатынын ескерткен аймақ басшысы алқа жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова өткен жылы салада атқарылған жұмыстарды баяндады.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде, бірқатар мақсатты индикаторларға қол жеткізілгені белгілі болды. Атап айтқанда, өмір сүру ұзақтығы 2014 жылғы 70,62-ден 2015 жылы 71,06-ға жетсе, жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 5,86 болса (мақсатты индикатор 6,06), қатерлі ісіктерді 1-2 сатысында анықтау 45,4 пайызға жету мақсатты болса, ол 50,3 пайызға жеткен, республикада – 55,1 пайыз. Сонымен бірге онкологиялық науқастардың бес жылдан кем емес өмір сүру ұзақтығы 45,6 пайыздан 49 пайызға жеткен. Туберкулезбен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 78 болып, соңғы үш жылда 15,8 пайызға төмендеген. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші мен мүгедектікті төмендету мақсатында жоғары мамандандырылған көмекке қолжетімділік артқан. Сондай-ақ, жарақаттану, улану және бақытсыз жағдайлардан болатын өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 47,2-ге төмендеген. Осылардың ішінде ең жоғары көрсеткіш жол-көлік апатынан болып отырғанын басқарма басшысы баса айтты. Өңір тұрғындарын дәрігерлермен қамту 10 мың тұрғынға шаққанда 27,7-ні құрауда. Жалпы облыс бойынша емдеу ұйымдарына 155 дәрігер қажеттілігі бар, алдыңғы жылмен салыстырғанда қажеттілік 42 пайызға артқан. Соңғы үш жылда 300 маман тартылған.
Алқа мәжілісінде сөз алған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан БіртановҰлт жоспары «100 нақты қадамда» нақтыланған денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап елімізде енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде кеңінен айтып өтті.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты мақсаты медициналық көмектің сапасын арттыру болып табылады. Біз осыны түсінуіміз керек және тұрғындарға түсіндіруіміз қажет. Мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін (оның ішінде 12-сі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары) жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейді. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жол картасы әзірленіп, бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес, биылғы жылы нормативтік-құқықтық база жасалып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұл 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген соманы жинақтау және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, ӘМСҚ арқылы медициналық қызметтер төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді,– деген Е.Біртанов осы орайда ел арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстардың жан-жақты жүргізілуі керектігін айтты.
Сондай-ақ, вице-министр елімізде қоғамдық денсаулық жүйесінің құрылатынын айтты.
– Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамытуға негіз ретінде қоғамдық денсаулық жүйесі құрылатын болады. Оның негізгі атқаратын қызметтеріне тоқталсақ, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ағарту шараларын жүргізу, жұқпалы және негізгі жұқпалы емес аурулардың, яғни, эпидемиологиялық қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау салаларындағы заңнаманың сақталуын бақылау, аймақтық және ұлттық деңгейдегі аурулардың дамуын ұзақ мерзімді болжау,– деді Е.Біртанов.
Жиынды қорытқан облыс әкімі Қ.Көшербаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне үш мәселе қойды. Оның алғашқысы, мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде облыстық онкология орталығының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, аймақтық орталық негізінде құру болса, екінші, облыс аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің бойынан 3 медициналық бекет ашу, соңғысы салаға маман тарту, әсіресе, ауылдық елді мекендерге дәрігерлер тартуда әлеуметтік қолдауды жандандыру мәселесі. Осы орайда вице-министр аталған мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасалатындығын мәлімдеді.
Аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту, оң нәтижелерге қол жеткізу бойынша сала басшысына, бірқатар басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Айнұр БАТТАЛОВА