ТЕЛЕКӨПІР АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Бүгін елімізде «Мен елімді сүйемін!» атты акция басталды. Ол кез келген азаматтың өз еліне деген құрметін арнайы бейнероликтерге түсіріп, түрлі интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге жариялауға бағытталған.
Телекөпір арқылы өткен шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спорт жүлдегерлері мен танымал тұлғалар және белсенді жастар жиналды. Олар өз еліне деген сүйіспеншіліктерімен бөлісіп, көпшілікті патриот болуға шақырды.
Қызылордадан акцияға жастар орталығының белсенді мүшелері қатысты. Алдағы уақытта олар тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен құндылықтары жайында ойларын бейнероликтерге түсірмек. Сондай-ақ сол түсірілімдерін ғаламтор желісіне орналастыру арқылы еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық тыныштық секілді еліміздегі бар жақсылықтарды бүкіл әлемге танытпақ ниетте.