БАЙҚАУШЫЛАРДЫ АККРЕДИТТЕДІ
Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, деп жазады ОСК сайты.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша үш халықаралық ұйымнан және бір шет мемлекеттен 103 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың: үшеуі – Америка Құрама Штаттарынан; 97 байқаушы - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан (оның ішінде 33-сі – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан және 7-еуі Беларусь және Ресей Одағының Парламенттік жиналысынан); 3 байқаушы – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан.
Осылайша, 2016 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлауком екі халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және шет мемлекеттен 155 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша 25 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 105 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.