2019 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ТОЛЫҒЫМЕН МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАУЫНАН ШЫҒАРЫЛАДЫ
Қазақстанда 2019 жылға қарай медициналық қызметкерлердің біліміне баға беру мемлекет бақылауынан шығарылады, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.
«2019 жылға қарай медициналық қызметкерлердің біліміне баға беру мемлекет бақылауынан шығарылып, ол біріккен сапа жөніндегі комиссия қызметі элементтерінің бірі болмақ. Яғни, кәсіби медициналық ұйымдар өз әріптестерін өздері бағалайтын болады», - деді ол.
Оның айтунша, медициналық қызметкерлердің білімін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу Қазақстанда бастау алды.
«Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйым басшылары үшін жаңа біліктілік және функционалдық талаптарын енгізу, халықтың сұранысына қарай кадрлық ресурстарды жоспарлау жүйесін жетілдіру, кәсіби қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардардың өкілдерін шақыру арқылы медициналық қызметкерлердің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау арқылы адами ресурстарды стратегиялық басқару жүзеге асырылады», - деді ол.
Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай реформалау халықтың толыққанды, сапалы медициналық қызметтерге деген икемді сұранысына сай инфрақұрылымды құруға негізделетін болады. Оның ішінде медициналық ұйымдарды қосу мен тік және көлденең біріктіру арқылы денсаулық сақтау саласының мемлекеттік инфрақұрылымын оңтайландыру жоспарланып отыр.