7 БИЗНЕС-ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қызылордалық кәсіпкерлердің жалпы құны 145,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қолдау тапты.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің төрағалығымен өткен кездесу қорытындысы бойынша барлық кәсіпкерлердің несие пайызы субсидияланатын болды. Оның ішінде 3 кәсіпкерге ЕДБ несие рәсімдеу үшін қажет болған кепілмүліктің жетіспеушілігі «Даму» қорының кепілдендіру бағдарламасы аясында шешімін тапты.
Аймақта жүзеге асатын жобалар тамақ өнімдерін шығару өндірісі, жарнама агенттігі қызметін ұйымдастыру мен жолаушылар тасымалы және стоматологиялық клиника салаларында жұмыс жасайтын болады.
Аталған жобалардың сәтті жүзеге асуы үшін қазіргі таңда аймақтағы шағын және орта бизнесті белсенді қолдайтын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және ДБ «СбербанкРоссии» АҚ банктері несиелендіретін болады.
Осы орайда 2015 жылы мемлекеттік қолдау аясында кілем тазалайтын цех ашқан 21 жастағы кәсіпкер Ғабиден Жақсылықтың ендігі жоспары өзінің кәсіпорнын жаңғыртуға тағы бір несие алу болып отыр. Жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өзінің кәсіпкерлік қызметін дамыту мақсатында қол жеткізген несие қаражатына автокөліктерді химиялық тазалайтын құрал-жабдық сатып алуды жоспарлайды.
- Автокөліктерді соңғы үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың тазалау уақыты қазіргі автожуу орталықтарынан бірнеше есе жылдам әрі сапасы да әлдеқайда жоғары,- дейді Ғабиден Жақсылық.
ЖК «Ансарлар» банкке рәсімдеген несие қаражатына қол жеткізуі үшін «Даму» қорынан кепілдеме беріледі. Ескере кететіні, жас кәсіпкер бүгінгі таңда 6 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр және жаңа жобасы жүзеге асқан уақытта тағы 2 жұмыс орны ашылмақ.