ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ САНАТЫ БОЙЫНША 14 МЫҢ ПӘТЕР САЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен кредиттік тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаражат есебінен 814 мың шаршы метр немесе 14 мың пәтер салынады, деп мәлімдеді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
«Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің тиімділігін бағалап, кредиттік тұрғын үйге 149 млрд теңге бөлуді тапсрды. 149 млрд теңгенің 22 млрд теңгесі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымшыларды қаржыландыруға жұмсалады. Ал 127 млрд теңгесі құрылысқа бағытталады. Оған қоса, құрылыс екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт - жергілікті атқарушы органдар арқылы. Ол «Қолжетімді баспана 2020» жүйесіне ұқсас. Екінші бағыт - «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы жүргізілетін құрылыс», - деді А.Жұмағұлов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, бұл қаражатқа 814 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған, бұл шамамен 14 мыңнан астам пәтер.
«Сонымен қатар, ақша айналымды болуы тиіс, яғни олар 1,5-2 жылда салып бітуі тиіс. Соңында біз сол жылжымайтын мүлікті өз клиенттерімізге ұсынатын несиелер арқылы сатып алуымыз керек», - деп мәлімдеді банк басқармасының төрағасы.
Оған қоса, А.Жұмағұловтң айтуынша, осылайша, мультипликативті әсерді ескере отырып, осы қаражатты пайдаланудың алғашқы 10 жылында 4-4,5 млн шаршы метр әлеуметтік тұрғын үй салу күтілуде.