ҚАЗАГРО ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ЕДБ-ДЕН ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 2016 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды бастағанын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады.
Бюджеттік несиені алу сұрақтары бойынша "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің Инвестициялық жобалар және несиелік әдіснама департаментіне хабарласу керек.
Еске салайық, агроөндірістік кешен субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд.теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді.
2015 жылы егін жұмыстарын қолдауға ЕДБ –ге 35,1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінген, олардың игерілуі мен қайтарылуы 100%-ды құрады.
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.