ОБЛЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗАҢДАРДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңдардың негізгі бағыттарын және іс жүзінде қолдануды түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Сөйтіп, 2016 жылдың 24 ақпанында Департамент қызметкерлерімен облыстың Арал және Қазалы аудан орталықтарында ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер және азаматтық қоғам өкілдері қатысуымен көшпелі семинарлар өткізілді.
Жиналғандар алдында баяндамамен Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Б. Байхожаев сөз сөйледі. Баяндамашы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы заңнамадағы негізгі аспектілерге және оны іс жүзінде қолдану бағыттарына тоқталып өтті.
Сондай-ақ қызметтік әдепті сақтаудағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған Әдеп кодексінің қағидалары талқыланды.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Жүлекешовпен мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібі, конкурстық рәсімдер, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау және т.б. мәселелерге түсіндірме берілді.
Семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.
Семинарларға 100 – ден аса адам қатысты.