ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Ақбөкен аңын бірлесіп қорғайық!» атты семинар-кеңес өтті. Оған мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, құзырлы орган өкілдері мен аудан көлеміндегі аңшы қару иелері қатысты.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ғ.Нағиев аудан көлемінде экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында атқарылып жатырған жұмыстар жайын баян етті. Өткен жылы көлемінде облыс бойынша 613 табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтар анықталса, Қармақшы ауданы көлемінде 49 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.
Осындай экологиялық қылмыстардың алдын алу, браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және су биоресурстарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері «Уылдырық», «Браконьер» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып, бұқара халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен патрондарды, суық қаруды сақтауына, алып жүруіне, аң, балық аулау, ағаш шабу, ағаш және табиғатты пайдаланудың басқа түрлерін дайындау құқығына, сондай-ақ биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғын анықтау мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдары тексерілгендігін атап өтті.
Семинар-кеңес барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер жолданды. Кеңес отырысы айтылған мәселелердің жерде қалмай, қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі