ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Республиканың басым бөлігінде күн ашық, тек еліміздің батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Атырау облысының кей жерлерін тұман басады, түнде көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында – тұман, көктайғақ. Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.