КЕНЕДЕН КЕЛЕТІН КЕСЕЛМЕН КҮРЕС – КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Соңғы үш жылда Қызылорда облысында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы ауруын 21 адам жұқтырып, 2 науқас қайтыс болған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің төрағалығымен өткен комиссия отырысында айтылды, - деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Облыс әкімі аппараты жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының басшысы Серік Сермағамбетов мәлімдегендей, 2014 жылы 116 елді мекен, өткен жылы 106 елді мекен қолайсыз аймақтар санатына ілінген. Биыл да тізімдегі аймақтарда тиісті іс-шараларды жүргізуге 166 млн. 314 мың теңге бөлінген.
Өңірде жан-жануарлардан жарақат алатын тұрғындар саны жыл сайын азайып келеді. Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлболсын Аханаева мәлімдегендей, 2010 жылдан бері облыста құтырма ауруын 8 адам жұқтырған.