ЖАҢА ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР
Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде семинар-кеңес өткізіліп, оның аясында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері мемлекеттік органның ұжымын мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл аясындағы жаңа заңнамалардың қағидаларымен ақпараттандырды.
Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев өзінің сөз сөйлеуінде тыңдаушылар назарын мемлекеттік қызметтің мансаптық модельге көшуі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібі мен оған түсудің шарттарына екпін қойды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Әбдіраманов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына толығырақ тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заңның ережелірін және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі тетіктерін атап өтті.
Департамент өкілдері ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында аноним түрдегі сауалнама жүргізді.
Семинардың қорытындысымен мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңнамадағы жаңалықтар мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерді талқыланып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, айтылған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер алды.