БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТЫҒЫНА 10825 КАНДИДАТ ТІРКЕЛДІ
Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидат тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев ОСК-да өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылдың 23 ақпанында мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды», - дейді Марат Сәрсембаев.
ОСК мүшесінің айтуынша, жалпы республика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерден келеді.
«Тіркелген кандидаттардың 1592-сі – облыстық мәслихаттарға, 121-і – Астана қаласының мәслихатына, 130-ы – Алматы қаласының мәслихатына тіркелді. Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға – 2120 кандидат үміткер», - дейді ОСК мүшесі.
М.Сәрсембаевтың мәлімдеуінше, тіркелген кандидаттардың 3407-ін саяси партиялар, 17-сін – қоғамдық бірлестіктер үсынған, 7401-і – өзін-өзі ұсынғандар.
«2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар саны 2016 жылы 1660 адамға көбейді, яғни, жергілікті өкілді билік органдарына сайлауда біздің азаматтардың электораттық белсенділігі едәуір артты» - дейді ОСК мүшесі.