ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты туындаған проблемалар негізінде Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Тұрманов мәлімдеді.
Аймақтың бас экономисі мәлімдегендей, осыған орай 5 басым бағыт анықталды. Қазіргі уақытта оларды жүзеге асыру басталып кетті. Бірінші кезекте – макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын орындау. Белгіленген межеге жету үшін тиісті іс-шаралар аталған жоспарға енгізілді.
- «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу, «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнын игеру, ферроқорытпа зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жалғасады. Одан бөлек, алдағы уақытта өңірде цемент, полипропилен, силикат кірпіші, асфальт бетон өндіретін зауыттар құрылыстарын салу жоспары бар, - деді Мәлік Тұрманов.
Инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту, ең алдымен, коммуналды инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы есебінен Қазалы, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандарын ауыз сумен қамту нысандарын салу жоспарлануда. Оған қоса, Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржысы есебінен Қызылорда қаласының коммуналдық инфрақұрылымы жаңартылады.