ЖАСТАР ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАРСЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша басқармасы, бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, салық төлеушілердің салықтық мәдениетін көтеру және көлеңкелі бизнеспен күресудің пәрменін арттыру, оның алдын-алу мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының "Жастар ресурстық орталығымен" бірігіп "Жастар жалған кәсіпкерлікке қарсы!" тақырыбында флэшмоб өткізді.
Мемлекеттік кірістер басқармасының бастамашылығымен қаладағы оқу орны жастарымен бірігіп өткізілген бұл шараның мақсаты - жалған кәсіпкерлік туралы қоғамға түсінік беру, оның алдын-алу және өскелең жастарымыздың бойына жалған кәсіпкерлікке деген ымырасыз көзқарас қалыптастыру.
Жыл сайын жалған кәсіпкерлік мемлекетіміздің экономикасына елеулі зиянын тигізуде. Сондықтан, Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі Стратегиялық бағыттарының бірі жалған кәсіпкерлікпен күрес болып табылады.
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жалған кәсіпкерліктің алдын алу және онымен күресу мақсатында жұмыс тобы құрылған. Топтың жұмысы екі бағытта жүргізіліп жатыр:
1) Жалған кәсіпкерліктің алдын алу шаралары:
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны арыз жазып алатын орында вэб камералар орнатылған;
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны алушылардың тізімі тіркелген журналды салық төлеушінің міндетті түрде қолтаңбасын қойып өз қолымен толтыруы қадағалануда;
- ҚҚС салық төлеуші ретінде тіркелуге келген салық төлеушілерді Облыстық жүйке аурулары диспансерімен келісімге келу арқылы жүйке ауруымен есепте тұрған азаматтардың тізімінен тексеру қарастырылып отыр. Сонымен қатар ҚҚС салық төлеуші ретінде тіркелуге келген салық төлеушілерді құқықтық статистиканың базасынан да қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе тартылмағандығын тексеру жүргізіліп отыр.
2) Жалған кәсіпкерліктің белгісі бар шаруашылық субъектілерінің базасы құрылып, ол күнделікті толықтырылуда.
Ол базаға салықтық зерттеу актісі бойынша тіркеу деректеріндегі мекен жайда орналаспаған, салықтық жүктеме коэфициенті төмен, счет-фактураны алмастырған салық төлеушілер кіргізілген. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша мәліметтер Экономикалық тергеу басқармасына жолданып, процесуалдық шешім қабылдануда.
Флэшмобтың өту барысында қала жұртшылығына жалған кәсіпкерлік, бақылау-касса машиналарын пайдалану тәртібі және мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет атқарудың зардаптарына арналған брошюралар таратылды.
Жаксылык БАБАСОВ,
Қызылорда қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы