ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫНДА КЕМІНДЕ 9 МЫҢ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ЖОСПАРДА БАР
Әлемдік экономикада орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға қарамастан өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы сақталып, қоғамдық ахуал тұрақты. Бюджеттен қаралған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақытылы орындалуда. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Тұрманов хабарлады.
- Мемлекет, орталық мемлекеттік органдардың тапсырмалары уақытылы жүзеге асырылып, оған қоса мемлекеттік және салалық бағдарламаларға белсенді қатысудың нәтижесінде өңірдің бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсу тенденциясы бар. Жылдың қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіпте оң даму қарқыны бар. Өсу қарқыны металлургия, химия және тамақ өнеркәсіптерінде өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілген, - деді М.Тұрманов.
Әлеуметтік сала мәселесіне келетін болсақ, жұмыстан босауға жол бермеу, жаңа жұмыс орындарын ашу төңірегінде ірі және орта кәсіпорындармен жұмыс орындары және жұмысшылардың құқықтарын сақтау бойынша меморандумдарға отыру тәжірибесі өріс алуда. Алдағы уақытта оның ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Осылайша 2016 жылы экономика салаларында кемінде 9 мың тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарда бар.
Шынар БЕКБАН