Т.ОХЛОПКОВА: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУҒА 800-ДЕН АСТАМ ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫ ҚАТЫСАДЫ
Қазақстандағы сайлауға 800-ден астам шетелдік байқаушы қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.
«ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында 400-ден астам, ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында - 300-ден астам, ШЫҰ миссиясының құрамында 10-нан астам байқаушының келуі күтілуде. Сыртқы істер министрлігі қазіргі кезде шетелдік БАҚ-тың 99 өкілін аккредиттеді», - деді Т.Охлопкова.
Оның атап өтуінше, бүгінде Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан 40 байқаушыны және ТМД байқаушылар миссиясынан 12 байқаушыны аккредиттеді.
«Халықаралық байқау сайлау процесі туралы екі жақты білім және ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, берік халықаралық қатынастар мен ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдеседі», - деп атап өтті ОСК мүшесі.