«BEK AIR» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰШАҚ КЕСТЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Кеше Алматыда «Bek Air» әуе компаниясының бірнеше ұшағы көкке көтеріле алмады. Бұл туралы жолаушыларға алдын ала ескертілді, - деді компанияның сату және тасымалдау басқармасы бастығының орынбасары Тұрсын Ахметов «Астана» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында.
Оның телефон арқылы берген дерегіне сүйенсек, ұшақтардың кестесі көктем-жаз мезгіліне орайластырылуда. Соған сәйкес «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және «Алматы-Қызылорда» бағыттарындағы әуе рейстері кейінге шегерілген.
Тұрсын Ахметов, «Bek Air» әуе компаниясы АҚ сату және тасымалдау басқармасы бастығының орынбасары:
- Ақпаратты СМС хабарламалар арқылы жеткіздік. Ешқандай наразылық білдіріп, жоспарымыз бұзылды деген хаттар келіп түскен жоқ. Біздің call орталық тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Билеттерді қайтару мәселесі ол жерде жоқ. Билеттердің бағасы 100 пайыздық көлемде қайтарылып жатыр.