АССАМБЛЕЯ ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ
Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауын өткізу мәселелері жөнінде семинар болды, деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
Семинарды ашқан қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары Асылбек Жұмабаев алдағы сайлаудың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызын ескере отырып, жиынға қатысушыларды халық қалаулыларының құрамын жаңартуға үлес қосуға шақырды.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Каракөз Есболсын атап өткендей, Мәжіліс депутаттығына Ассамблея тарапынан ұсынылған үміткерлерді іріктеудегі талаптар басқа кандидаттарды таңдау талаптарымен бірдей. Кандидаттарды ұсыну құқығы Ассамблея Кеңесіне тиесілі. Оның құрамында қазіргі күні 67 адам бар.
Ассамблеядан таңдалатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар сайлау жарнасын төлемейді және сайлау қорын құрмайды.