ОСК-ГЕ ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ СӨЗ БОЛДЫ
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында кандидаттардың, саяси партиялардың және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В.К. Фоостың брифингі болды, деп жазады ОСК сайты.
В.К.Фоос атап өткендей, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 49-бабына сәйкес сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер сайлау туралы заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.
Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер сайлау туралы заңда заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.
Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізу мәселелеріне қатысты, оның ішінде сайлау туралы заңнаманың бұзылуы туралы сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қабылдауға және оларды – бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.
Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды сайлау туралы заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететіндей етiп ұйымдастырады.
Сондай-ақ ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В.К.Фоос БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 22 ақпанға дейінгі кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардың 44 өтініші келіп түскені туралы ақпараттандырды.
Олардың 19-ы (42%) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты (4-еуі – қоғамдық бірлестіктерден, 11-і – жеке тұлғалардан, 3-еуі – БАҚ-тан, 1-еуі – облыстық сайлау комиссиясынан) болды. Соның ішінде 10 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша, тағы 9-ы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсынуға, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттарға байланысты сайлау рәсімдеріне қатысты және т.с.с.
ҚР ОСК-ге келіп түскен 25 (57%) өтініш Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанына байланысты. Олардың ішінде 17-сі сайлау заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша, қалғандары рәсімдік сәттерге, сайлау комиссияларының жұмысына, кандидаттар туралы ақпаратқа және т.с.с. қатысты.
Өтініш иелеріне уақтылы жауап қайтарылды. Тоғыз өтініш тиісті органдарға қарау үшін жіберілді.