ЕҢБЕК КҮНI АЯСЫНДА ЕҢ ҮЗДIК ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР МАРАПАТТАЛАДЫ
26-қыркүйекте Еңбек күнi мейрамы аясында жұмысшы мамандықтардың үздiк қызметкерлерi «Еңбек ардагерi» медалiмен марапатталады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау вице-министрi Дәулет Арғандықов мәлiмдедi.
«Бұл мереке қыркүйек айының соңғы жексенбiсi аталып өтедi. Ол Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру Мемлекет басшысы идеясының аясында бекiтiлген болатын. Бұл мейрам еңбек адамының қрғамдағы мәртебесiн арттыру, өндiрiстiк қызметтердi ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерiн нығайтуға бағытталған», - дейдi Д.Арғандықов.
Вице-министр Еңбек күнi мейрамында өз жұмысымен көзге түсiп, ерекшеленген қызметкерлердiң марапатталатынан атап өттi.
«Бұл мейрамның осы жылы тұңғыш рет мерекеленетiнiн ескере отырып, әлеуметтiк әрiптестiк бойынша республикалық үшжақты комиссия отырысында Еңбек күнiн өткiзу бойынша iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Шығармашылық, спорттық шараларды өткiзу жоспарланып отыр. Олардың барлығы еңбек ұжымдарын бiрiктiруге, корпоративтiк рухты нығайтуға бағытталған. Iс-шаралар аясында Еңбек ардагерлерiне медальдар табыстау жоспарда бар. «Еңбек ардагерi» медалi тұңғыш рет бекiтiлiп отыр. Бұл – барлық салаларға арналған ведомстволық марапат. Бұл медальмен 40 жылдан астам еңбек өтiлi бар, ал осы салада 10 жыл еңбек өтiлi бар жандар мен еңбек қызметiнде жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген мамандар марапатталады», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, 26 қыркүйек күнi Ұлттық мұражайда Еңбек күнiн мерекелеуге арналған форум өткiзiлмек. Оны ұйымдастырушы – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау министрлiгi. Аталған шара барысында «Еңбек ардагерлерi» медальдары табыс етiлмек.
«Медальмен 10 адам марапатталады. Салалар бойынша атап өтсек, олар энергетика, көмiр, агроөнеркәсiптiк кешен, медаллургия, мұнай және газ, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шарушалық, бiлiм беру, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерi», - дейдi Д.Арғандықов.