ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫ МЕН СОТ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТШЫЛАРЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Р.Шамшиев пен А.Әбілқайысқызына, сонымен қатар сот отырысының хатшылары Г.Тәженова мен А.Сырымбетоваға лауазымдық міндеттерін үлгілі, әрі адал орындағаны үшін Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмиге «AtaZan Corporation» Президенті Р.Есбергенов алғысын білдіріп хат жазған.
Онда жоғарыда аталған судьялар сот төрелігін жүзеге асыру барысында тараптарға бейтараптылығын танытып, олардың жарыспалығы мен тең құылығы принципін сақтайтындығын, тараптардың пікірлерін айтуға, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретіндігі айтылған. Сонымен қатар сот отырысының хатшылары Гүлнар Тәженова мен Әйгерім Сырымбетованың өз қызметтеріне адал қарауы, сыпайылығы және әркез күлімсіреп, шамданбай жауап беретіні көңілге ризашылық оятатындығын айтылған.
Сонымен қатар Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дауренбеков сот ұжымы атынан оларды құттықтап, өз қызметтерін адал әрі абыроймен атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының баспасөз қызметі