ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА-НЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА ҮШІНШІ СЕССИЯСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ ӨКІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. «ҚазАқпарат» ХАА Өкімнің толық нұсқасын жариялап отыр.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын шақыру туралы» Өкім
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2016 жылғы 21 наурыз күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев