САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН КОДЕКСІ ӘЗІРЛЕНУДЕ
Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан құрылған жұмыс тобы біріктірілген Салық және Кеден кодексін әзірлеуде.
Кодексті әзірлеудің мақсаты – салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін оңайлату. Кодексті әзірлеу процесіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, салық төлеушілердің, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және де басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысулары маңызды.
Осы мақсатта Комитеттің сайтында арнайы форум құрылды, ол арқылы Жұмыс тобы Кодекс жобасын әзірлеу бойынша түскен ұсыныстарды, тілектер мен ескертулерді қарастырады, талдайды және талқылайды.
Форум мынадай тақырыптарға бөлінген: Салық есебін жүргізу қағидасы, Корпоративтік табыс салығы, Бірлескен қызметке салық салу, Сенімгерлік басқару кезіндегі салық салу, Арнайы экономикалық аймақтардағы салық салу, Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, Халықаралық салық салудың ерекшелігі, Қосылған құн салығы, Қосылған құн салығын жоя отырып сатудан алынған салықты енгізу, Акциздер, Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, Меншік салығы (мүлік салығы, жер салығы), Көлік құралдарына салық (бензинге акциздің артуымен көлік салығын жою қарастырылады), Бюджетке басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, төлемақы және алым), Қате төленген сомаларды қайтару, артық төленгенін есепке жатқызу, Камералдық бақылау, Салық төлеушілердің тіркеу есебі. Салықтық қызмет көрсету. Салық есептілігінің нысаны. Бақылау-касса машиналар, Кедендік бақылау, Кедендік декларациялау және кедендік рәсімдер, Тарифтік және тарифтік емес реттеу (кедендік төлемдер), Кеден маңы саласы, Салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелеріне шағымдану.
Аталған бағыттар бойынша салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау үшін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалын, бизнес-қауымдастығы өкілдерін тарту арқылы 3 ай көлемінде әр аптаның бейсенбі күні кездесу өткізу шешімін қабылдады. Әр кездесудің спикерлері белгіленді, айтылған ұсыныстар мен пікірлер келесі жұмыс күні көлемінде Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы жұмысшы тобының арнайы модераторларына жеткізіледі.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 18 ақпан күні алғашқы кездесу өткізілді. Қатысушыларға Комитеттің порталына тіркеліп, өз ұсыныстарын жолдаудың тәртібі көрсетілді.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Г.Таңатова, Облыстық кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры К.Жанғабылова және Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы С.Теңізбаевтар кәсіпкерлерге тиімді болуы жағынан өз ұсыныстарын білдірді.
Барлық қатысушыларға әр бейсенбіге белгіленген кездесулердің тақырыптары, спикерлері туралы мәліметтер таратылды.
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті