2017 ЖЫЛДАН ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА АУДАРЫМДАРДЫ ЖИНАҚТАУ БАСТАЛАДЫ
2017 жылғы 1 қаңтардан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиісті қаржы соманы жинақтау басталады. Бұл туралы Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім болды, деп жазады «Қазақпарат».
«ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мамандары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті. Аталған құжатқа сәйкес, биыл нормативтік-құқықтық база жасалып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) құрылатын болады. Бұл 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген соманы жинақтау және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ӘМСҚ арқылы медициналық қызметтер төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.