«РОСКОСМОС» БАЙҚОҢЫРҒА ТҰРАҚТЫ ӘУЕ РЕЙСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРМАҚ
Ресейдің «Роскосмос» құрылымы Жерүсті ғарыш инфрақұрылымдары нысандарын пайдалану орталығы Байқоңырға тұрақты рейстерді орындайтын авиакомпаниялар арасында тендер жариялады. Мұны туристер ғана емес ресейлік ғарыш саласының қызметкерлері пайдалануы көзделіп отыр, деп жазады «Известия» газеті.
Тендер Байқоңыр ғарыш айлағындағы Крайний әуежайының ұшу-қону жолағы қайта қалпына келтірілген соң жарияланған. Қазір онда барлық ұшақ түрлері қона алады, дейді орталықтың бас директоры міндетін атқарушы Рано Джураев.
Оның айтуынша, «бағдарларға бес әуе компаниясы қызығушылық танытқан. Атап айтар болсақ, қазақстандық тасымалдаушы SCAT Астана мен Алматыдан рейстер жүргізуді көздеп отыр. Қалған төртеуі ресейлік компаниялар, олардың сервис пен билет бағасы бойынша ұсынысының оңтайлысы ғана таңдалады».
Қазір Байқоңырға «Роскосмостың» және Ғарышкерлерді дайындау орталығының арнайы рейстері ғана ұшады, олар «Энергия-Буран» бағдарламасынан қалған жолаққа қонады.
Байқоңырға тұрақты рейстер ашу туристер әкелуді жеңілдетеді. Қазір ғарыш айлағына турлар ұйымдастырушы операторлар тізімі жасалған.