2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп жазады mzsr.gov.kz.
Министр Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын айтты (әрі қарай - АББ).
2013 жылдан бастап екі пилоттық аймақтың – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының 7 емханасында АББ үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті.
1213 АББ қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін өзі бақылау күнделіктері берілді.
Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.
Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді.
Ақпараттандырылған пациент өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды, сонымен бірге, пациенттің мінез-құлқы өзгеріп, өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі.
Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
Жоба АББ қатысушысы-пациенттің бойындағы жақсы өзгерістерді көрсетті: артериалдық гипертензиясы бар пациенттердің 75%-ында процестің тұрақталуы және артериалдық қысымды бақылау машықтарының қалыптасуы байқалды, созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.
«Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 2016-2017 жылдар аралығында – қосымша жаңа 5 аймақта, 2018 жылдан бастап ҚР барлық облыстарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады», - деді Тамара Дүйсенова.