ОСК 12 БАЙҚАУШЫНЫ АККРЕДИТТЕДІ
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, - деп жазады ОСК сайты.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының 12 байқаушысын аккредиттеді.
Осылайша, 2016 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың 2 Миссиясының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) 52 байқаушысын аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.