ТҰРҒЫНДАРҒА ХҚКО-ДА ЕМХАНА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ УАҚЫТЫН ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІ ЖАСАЛАДЫ
Емханаларда кезектер азайтылады. Бұл туралы бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім болды, - деп жазады «Қазақпарат».
«Емханалардағы жасанды кезекті азайту мақсатында ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетіледі. Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту үшін (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кездегі және басқа да тексерулер) халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, медициналық анықтама алуға болады. Бейінді мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде.